+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Физика мұғалімдеріне арналған І республикалық шығармашылық сайысының қорытындысы
01 Сәу, 11:19

2014 жылдың 28-29 наурыз аралығында алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында алғаш рет физика мұғалімдеріне арналған Республикалық шығармашылық сайысы болып өтті.

Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласының №6 мектеп-гимназиясынан физика пәнінің мұғалімі Вельмер Елена Карловна, облыстық математика, физика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің физика пәнінің мұғалімі Красавин Александр Львович қатысты.

Ережеге сәйкес сайысқа қатысушылар физика пәнінен олимпиадалық дәрежедегі тапсырмаларды шешу қажет болды.

Сайыстың нәтижесі бойынша қатысқан ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды:

- А.Л. Красавин – 1 орын;

- Е.К. Вельмер – 2 орын.

Біздің ұстаздарымызды жүлделерімен құттықтаймыз!