+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«InfoMatrix Asia& Pacific» Халықаралық компьютерлік жобалар сайысының қорытындысы
31 Нау, 12:50

2014 жылдың 26-30 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы Алматы қаласында «InfoMatrix Asia& Pacific» 2014 Халықаралық компьютерлік жобалау сайысына қатысып қайтты. Олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен Сулейман Демирел атындағы университетпен бірлесе өткізді.

Сайыстың негізгі мақсаты – робототехника саласына және заманауи бағдарламалық және аппараттық қамтуды зерделеп, пайдалануға қызығушылығыбар дарынды балаларды анықтау.

Сайыста «Бағдарламалау», «Компьютерлік өнер», «Аппараттық басқару», «Қысқа метражды фильм», «Робототехника» секциалары бойынша компьютерлік жобалар қорғалды.

Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында 5 оқушы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Семей қаласының №6 гимназиясының 11 сынып оқушысы Даиров Марат («Аппараттық басқару» секциясы) марапатталды.

Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!