Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.
Байқаудың басты мақсаттары: жас дарындар арасынан гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан – жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең-аудандық (қалалық) - 10 сәуірге дейін;
Екінші кезең-облыстық – 18 сәуірде;
Үшінші кезең-қорытынды 14-15 мамырда Астана қаласында өткізіледі.
Байқау номинациялары 6 бағытта қаралады.
1. Шешендік өнер;
2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза драма);
3. Шығарма (2 сағаттық еркін тақырыпта);
4. Ұлттық аспапта ойнау( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.
Облыстық кезеңге қатысу үшін өтініш және хаттама 2014 жылдың 14 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында қабылданады.
Сұраныс үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Номинациясы
|
Мектебі |
Сыныбы |
Аудан/қала |
Жетекшінің аты-жөні, ұялы телефоны |
Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700 244, 8/7232/552 012 телефондары арқылы хабарласуға болады.