+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас ұландықтар жеңіспен оралды!
31 Нау, 11:31

2014 жылғы 25-28 наурыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі базасында жалпы білім беретін және арнаулы әскери мектеп-интернаттарының түлектері арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары әскери оқу орындарында білім алу үшін әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды балаларды анықтау, дамыту және оқыту, өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.

Олимпиада математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бойынша кешенді өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының ұландары Нұрлыбеков Нәдірбек, Балтабаев Чингиз және Тұрсынғали Ерзат қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Нұрлыбеков Нәдірбек ІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Облыс командасы спорттық ойындар бойынша ІІІ орын алып, қола медальға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар тілейміз!