+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономика бойынша республикалық турнирдің жеңісімен!
31 Нау, 07:48

2014 жылдың 27 - 30 наурызына дейiн Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы экономика бойынша республикалық турнирге қатысты.

Шараны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және «Қазақстан Джуниор Эчивментi» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Турнир Қарағанды қаласының экономикалық университетінде өттi.

Турнирдің мақсаты:

- экономика негiздерi бойынша ғылым ретінде меңгеруге қызығушылықтары бар қабiлеттi оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту;

- экономика саласына дарынды оқушыларды алдын ала бейінді дайындау;

- мектеп оқушыларының экономикалық бiлiмдерін насихаттау және ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру;

 - экономикалық бiлiм арқылы бәсекеге түсе алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Республикалық турнирге Шығыс Қазақстан облысынан төмендегі 4 оқушы қатысты.

- Амангельдинова Сабина – Өскемен қаласы №2 мектеп-гимназиясының 11 - сынып оқушысы;

- Нурахметов Жаслан - Семей қаласы экономикалық лицейінің 10 сынып оқушысы;

-  Мусинов Аслан – Өскемен қаласы №34 дарынды  балаларға  арналған мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Рыбалов Алексей - Өскемен қаласы №2 мектеп-гимназиясының 10 - сынып оқушысы;

Республикалық турнир дәстүрлі түрде 3 кезеңнен тұрды: шығармашылық тапсырма (эссе жазу), теориялық тур, экономикалық ойын.

Турнирдің нәтижесі бойынша Амангельдинова Сабина жалпы сынақта үш кезең бойынша үшінші орын алды.

Нурахметов Жаслан экономикалық теория бойыншабірінші орынға ие болды.

Мусинов Аслан – «Экономика және менеджментті модельдеу» атты экономикалық ойын бойынша бірінші орынға ие болды.

Қазылар алқасы мүшелерiнiң шешiмi бойынша жүлдгерлерге Мәскеу экономикалық университетінде оқуға 10% бiлiм гранты тағайындалды.

Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!