2014 жылғы наурыздың 24-і мен 30-ы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Шараны өткізудің мақсаты - ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы «2014 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атағына ие болды. Олимпиадада жүлдегер болған оқушылар:
I дәрежелі дипломмен, алтын медальмен Семей қаласының №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Зенкова Анастасия (орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі) марапатталды;
II дәрежелі дипломмен, күміс медальмен марапатталғандар:
- Батыманов Алишер – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Асқар Ақжарқын – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Туғанбаева Шырын – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Абдрахманова Айнур – Семей қаласының Экономикалық лицейінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері);
- Газыева Элина – Семей қаласындағы Н. Чернышевский ат. №1 мектебінің 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
- Слямов Алтай – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
III дәрежелі дипломмен, қола медальмен марапатталғандар:
- Ашурова Зинира – Семей қаласының №6 гимназиясының 10 сынып оқушысы (орыс тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі);
- Кустаубаева Лаура – Өскемен қаласындағы А.Гумбольдт атындағы №12 гимназиясының 10 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Исполов Жасұлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (қазақ тілінде білім беретін мектептегі орыстілі);
- Берекебаева Жансұлу – Өскемен қаласының №44 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде білім беретін мектептегі орыстілі);
- Убина Анель – Өскемен қаласындағы № 38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Калиева Малика – Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (неміс тілі);
- Айдынов Шынгыс – Семей қаласының №32 мектебінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде білім беретін мектептегі орыс тілі).
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталғандар:
- Ауданбекова Аружан - Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Купреев Дмитрий – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (орыс тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі);
- Зимина Елена – Зырян ауданының №6 мектебінің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері).
Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!