«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 16-18 сәуір аралығында Қарағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына, үш тілде оқытатын пән мұғалімдеріне арналған «Халықаралық перспективада білім беру мен оқыту» тақырыбында республикалық семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы көптілдік білім берудің үлгісін қалыптастыруда педагогикалық жұмыстың іс-тәжірибелерін тарату, ұлттық өзіндік сана мен патриотизмді қалыптастыру арқылы оқушылардың бойында халықаралық хабардарлықты дамытудың жолдары, әлемнің озық тәжірибелерін отандық білім беру жүйесіне енгізу.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Іссапар шығыны (тамақтану, жатын орны, жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді. Семинарға келу күні – 26 наурыз, аяқталуы – 30 наурыз.
Семинарға қатысу туралы өтінімді 2014 жылдың 4 сәуіріне дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы жіберу қажет:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|