+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының республикалық юниорлық олимпиадасына қатысу қорытындысы
27 Нау, 13:50

2014 жылдың 24 мен 25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жаратылыстану-математика пәндері бойынша ІІ республикалық юниорлық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.

Юниорлық олимпиада оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықтарын арттыруға, оқушылардың жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындалуларына және жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадаларға қатысушылардың резервін құруға септігін тигізеді.

Олимпиада «Биология», «Химия», «Физика», «Математика» пәндері бойынша өткізілді. Қатысушылар барлық пәндер бойынша тапсырмаларды орындады.

Шығыс Қазақстан облысынан олимпиаданың 1,2 кезеңінен өткен 3 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлығы дипломмен марапатталды.

Барлық бес пән бойынша  жинаған ұпай саны бойынша 3 дәрежелі дипломмен Курчатов қ. №1 мектебінің 8 сынып оқушысы Табыс Талғар марапатталды.

Жеке пәндер бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен:

1. Бородулиха ауданы Новопокровск мектебінің 7 сынып оқушысы Кресс Александра (биология);

2. Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп оқушысы Муффмин Ая (химия) марапатталды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!