+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО командасы оқушылардың республикалық олимпиадасында ең үздік олимпиадалық команда ретінде танылды
22 Нау, 17:01

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы №469 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 13-19 наурызы аралығында Өскемен қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік «Дарын» орталығы.

Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың шығармышылық қабілетін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік қабілеттерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің мәртебесін арттыру. 

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 9-11 сыныпта оқитын 704 дарынды оқушы – олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Республикалық олимпиаданың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ғалымдары кірді.

Олимпиада 6 пән бойынша (математика, физика, химия, биология, информатика, география), 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізілді.

«География» пәні бойынша II (тәжірибелік) айналым халықаралық олимпиаданың талабына сәйкес ұйымдастырылды. Онда оқушылар арнайы белгіленген жерге барып, өлшеу және эксперименттік тапсырмалар орындады, сондай-ақ мультимедиялық кезең өткізілді. «Химия» бойынша эксперименттік тур С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің заманауи зертханаларында өткізілді.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 2014 жылдың 14 наурызында сағат 18.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында өткізілді. Ашылу алдында Металлургтер мәдениет сарайының алдында Семей қаласының «Жас Ұлан» дарынды ер балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының делегациясының салтанатты шеруі өтті.  

Республикалық олимпиаданың қатысушыларына мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: облыстық мұражайларды, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананы, ғылыми орталықтарды, Жамбыл атындағы облыстық драма театрын аралау. «Азия – авто» авто құрастыру зауытына, қала бойынша «Армысың, Өскемен!» танымдық экскурсиялары өткізілді. Тарханка ауылындағы «Восток - Тур - Драйв» туристік базасында «We - together!» (Біз біргеміз!) фестивалі өткізілді.

Республикалық олимпиаданың салтанатты жабылуы 2014 жылы 19 наурызда Металлургтер Мәдениет сарайында өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев қатысып, қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Сочиде Олимпиада өтті, ал біз өзіміздің олимпиаданы, математикадан өткіздік. Ұйымдастырғаны үшін «Дарын» орталығына рахмет айту қажет. Осындай ауқымды шаралар ғылымды дамытуға, жастардың бойында ғылымға қызығушылықтарын дамытуға үлкен серпіліс береді» деп айтып өтті. Жабылу салтанатына құрметті қонақтар ретінде Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, ҚР Күрес федерациясының құрметті Президенті Дәулет Тұрлыханов, аты аңызға айналған, Күрестен үш дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Ресей Федерациясының мемлекеттік Дума депутаты Александр Карелин қатысты.

Делегаттардың жетекшілеріне республикалық олимпиада аясында облыстың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің қатысуымен семинар-кеңес және академик, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, республикалық ғылыми-әдістемелік мектептің жетекшісі Қ.О. Бітібаеваның авторлық зертханасын, Балалар шығармашалық үйін аралау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, олимпиада барысында ҚР ҰҒА академигі ҚАЕУ Президенті – Е.А. Мамбетказиев мырзамен кездесу өткізілді.

16 наурыз күні «Мәңгілік ел» акциясы аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Олимпиадаға қатысушы әрбір делегат үшін Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Өскемен қаласындағы колледждер мен мектептердің педагогтері, сонымен қатар алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны студенттері бекітілді.

Республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының 52 оқушысы қатысты. Солардың арасында - Глубокое, Аягөз, Қатонқарағай, Үржар, Жарма, Тарбағатай аудандарының дарынды оқушылары болды. Команда мүшелерінің арасында республикалық, халықаралық интеллектуалды сайыстарының жеңімпаздары, Шығыс Қазақстан облыс әкімінің стипендия иегерлері бар.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым Министрлігінің дипломымен, алтын медальмен және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығымен марапатталғандар:

1.Аскеров Алямдар – Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (биология);

2.Смағұлов Азамат - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (химия);

3.Гулмурод Пулот - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (химия);

4. Заманиянов Ғибрат - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы (география).

ҚР білім және ғылым министрлігінің 2-дәрежелі дипломымен, күміс медальмен, облыс әкімінің сыйлығымен:

1.Айтказинов Шынгыс- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (физика);

2..Шакенова Диана – Семей қаласының №6 гимназиясының 10-сынып оқушысы (химия);

3.Саркытбаев Куаныш - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (химия);

4.Қалибеков Дархан - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы (география);

3 –дәрежелі дипломмен, қола медальмен, облыс әкімінің сыйлығымен:

1.Увалиев Әділет - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (физика);

2.Оразбек Ерасыл - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы (физика);

3.Еркінбек Жақсылық – Аягөз ауданының К. Бозтаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

4.Бахтьяр Саян - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (химия);

5.Сорокина Алена - Семей қаласының №6 гимназиясының 11-сынып оқушысы (химия);

6.ЖардаевМейрам  - Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (химия);

7. Аманов Ануарбек- Семей қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (химия);

8.Тұрусбеков Диас - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 9-сынып оқушысы (информатика);

9. Маткәрімов Асанали - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы (география);

10.Жолдаспек Гүлназ – Жарма ауданының Шакенов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы (география);

11. Пинэко-Скворцов Александр – Өскемен қаласының №11 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы (география);

12. Оразалиева Анель – Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы (биология);

13. Салимбаева Найля - Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (биология);

14. Семейғазин Әділғазы - Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (биология) марапатталды.

«Ең үздік ауыл оқушысы»номинациясымен:

1. Фомина Анна – Глубокое ауданының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;

2.Нұрмұхаметова Мунира – Үржар ауданының 10-сынып оқушысы марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы I орын иегері болып, «Ең үздік 2014 жыл командасы» атағына ие болды.

Дипломды сахнада салтанатты түрде Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын»  орталығының директоры Ш.А.Кирабаева құрамында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Омар, облыстық білім басқармасының басшысы А.К. Нургазиев, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Ж.Ж.Айтпаева және ШҚО командасының мүшелері бар делегацияға табыс етті.  

Жүлдегерлерге отандық және шет елдік жетекші жоғарғы оқу орындарының білім гранттары берілді.

Марапаттау салтанаты кезінде үздік білім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталары тапсырылды.

Өскемен қаласында өткен Республикалық олимпиаданы қорытындылай келе, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.А.Кирабаева шараның тамаша ұйымдастырылғанын, жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті.

Жеңімпаздарды, олардың мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтаймыз. Жаңа жетістіктер мен сәттілік тілейміз!