2014 жылдың наурызында Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «М. Мақатаев оқулары» өткізілді.
Шараның мақсаты: М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау және жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсету.
Байқау «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімді жыр сәулесі мазалайды...», «Жыр эстафетасы», «Жырлайды жүрек», «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым», «Мұқағали мұрасын кім көп біледі» айдарлары бойынша өтті.
Шығыс Қазақстан облысының намысын Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 10 сынып оқушысы Түгелжан Марал қорғап қайтты.
Байқау қорытындысы бойынша Түгелжан Марал І дәрежелі дипломымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Күлзия Әзілбекқызына байқауға қатысушыны сапалы дайындағаны үшін грамота табыс етілді.
Жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!