+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ағылшын тілінен өңірлік «Learn English - Access the World» Олимпиадасын өткізу туралы
11 Нау, 04:53

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан-Американдық еркін университетінің 2014 жылдың 25-26 наурызы күндері жоғары сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен өңірлік «Learn English - Access the World» Олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.

Олимпиаданың басты мақсаттары: дарынды балаларға қолдау көрсетуге жағдай жасау, ағылшын тіліне деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, ағылшынтілді елдердің тарихы мен мәдениетіне байланысты лингвистикалық және социомәдени білімдерін насихаттау.

Олимпиада келесі кезеңдерді қамтиды:

І тур – жазбаша (тыңдалым, оқылым мен лексико-грамматикалық тест тапсырмалары);

ІІ тур – ауызша (даярланған және даярланбаған сөздік дағдыларын тексеру).

Олимпиадаға қатысу ерікті түрде және тегін.

Олимпиадаға қатысу үшін мектеп 9-11 сынып оқушылары арсынан 4 адамнан құралған бір команданы жасақтайды. 2014 жылдың 17 наурызына дейін «Тапсырыс,  мектеп, қала» тақырыбымен ynovitskaya@gmail.com электронды поштасында тапсырыстар қабылданады. Хатта қатысушылар тізімі, байланыс телефоны мен электронды мекен-жайы көрсетілуі тиіс.

Олимпиаданың ережесі http://shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/231252, 8/7232/231377, 87051921476 телефондары арқылы хабарласуға болады.