2014 жылдың 24 ақпаны мен 1 наурызы аралығында ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде физика пәнінен Ғылыми мектеп өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – облысымыздың дарынды оқушыларын жалпы білім беретін пәндерден өткізілетін республикалық олимпиадаға дайындау.
Ғылыми мектептің қатысушылары Семей, Өскемен қалаларының, Аягөз ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары – республикалық олимпиаданың облысытық кезеңінің жүлдегерлері болды.
Ғылыми кеңес беруді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ф-м.ғ.к., физика кафедрасының профессоры, физикадан облыстық олимпиаданың әділқазы мүшесі А.М. Павлов жүргізді.
Ғылыми мектептің бағдарламасында физика, механика, термодинамика, электродинамика бойынша олимпиада тапсырмаларын шешу.