2014 жылдың 26 ақпан - 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Халықаралық конкурс Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінің базасында өтті.
Халықаралық сайыстың мақсаты оқушылардың зерттеу іс - әрекетінің жүйесін ұйымдастыру және инфрақұрылымын жетілдіру, сонымен қатар, математика ғылымына қызығушылық танытып жүрген, зерттеуге қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысынан Халықаралық конкурсқа 16 оқушы қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен:
1. Набигазинова Эльнура – Семей қаласы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық үш тілде оқытатын мектептің 11 сынып оқушысы (экономика);
2. Мухамедиярова Тогжан – Семей қаласы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық үш тілде оқытатын мектептің 11 сынып оқушысы (экономика).
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
1. Семей қаласы №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Долданова Алима (экономика);
2. Семей қаласы №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Нурбекова Айдана (экономика);
3. Өскемен қаласы №11 гимназияның 11 сынып оқушысы Жидилова Жания (экономика);
4. Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Казбеков Дамир (математика);
5.Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Куттымбеков Мадияр (математика);
6. Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Калиев Аксултан (қолданбалыматематика);
7. Ұлан ауданы Ломоносов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Елемесова Балнур (қолданбалыматематика);
8. Өскемен қаласының №44 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алканова Акбота (техника);
9. Өскемен қаласының №44 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Касымов Нурсултан (техника);
10. Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы Акимжанов Дархан (техника).
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!