Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас ұрпақ - 2050» Қоғамдық қоры және Алматы қ. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесе отырып 2014 жылдың 15 наурызында 10-11 сынып оқушыларына экономикалық географиядан олимпиада жүргізетіндігін хабарлайды. Жеңімпаздарға «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары бойынша 100%, 50%, 35% грант беріледі.
Олимпиада 2 кезеңде өтеді. Бірінші кезең – іріктеу (сырттай). Іріктеуге қатысушылардың саны шектеусіз. Іріктеу кезеңі он-лайн тәртіпте қашықтық түрінде жүргізіліп, үш кезеңнен тұрады: тестілеу, эссе жазу, кейс – стади. Екінші кезең – іріктеу (іштей), 11-сынып оқушыларының арасында өткізіледі..
Олимпиада таңдау бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Олимпиаданың жүргізілу шарттары білім беру жобасының Ережесімен қарастырылады.
Сұхбаттасуда қарастыру үшін олимпиада қатысушыларына портфолионы қалыптастыру үшін ХАТУ-дың және Қордың атынан сертификаттар мен дипломдар беріледі. Аталған жобаның қорытындысы бойынша ХАТУ-ның грантына ие бола алады.
Сонымен қоса, қор мамандандырылған оқытушылар көмегімен жобаға дайындалу үшін видеоконференциялар (100 тыңдаушыға дейін), видео-пошта, интернет-теледидар он-лайн тәртібінде оқыту кеңестерін жүргізеді.
Қор бірігіп жұмыс атқаруға және 10-11 сынып оқушыларын зияткерлік жобаға қатысуларына шақырады. Қызығушылық танытқан жағдайда келесі мекен-жайға тапсырыстарды жіберуге болады zhasurpak2050@gmail.com.
Олимпиаданың шарттарына байланысты туындаған сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы байланысуларыңызды сұраймыз: ұялы 8 701 521 79 58 немесе 8 (717)2 28 56 91