2014 жылы17-21 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.
Республикалық ғылыми сайысына бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) турдан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті:
1. Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
2. Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
3. Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);
4. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).
Республикадағы алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан құралған білікті әділ қазылар алқасы жобаларды келесі тұрғыдан бағалады: шығармашылық қабілеттілігі; ғылыми ойлауы; қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі; тақырыптың ашылу дәрежесі; жете ашуы; шеберлік шешендігі; ұсынылған материалдың сапасы; айқындылығы; команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.
Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 54 оқушы қатысты (44 жоба). Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша 35 қатысушы жеңімпаз атанып, олардың 7 - І-орын, 6 - ІІ-орын, 22 - ІІІ орындар, 9 - ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Сайыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық бірінші орынға және «2014 жылдың үздік командасы» деген номинациясына ие болды.
І – дәрежелі дипломдармен:
- Жанабаев Асет,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектептің 11сынып оқушысы (физика);
- Билялов Алмас, Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы (экономика);
- Серікбай Мейіржан, Күршім ауданының, Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (биология);
- Социалов Төрегелді, Семей қаласының Экономикалық лицейінің 11 сынып оқушысы (биология);
- Тоқтарғалиева Жазира,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының 11- сынып оқушысы (өлкетану);
- Сапаргалиева Алуа, Галиева Айдана Семей қаласының №11 ОМ 11 сынып оқушылары(этномәдениеттану);
ІІ – дәрежелі дипломдармен:
- Курмангалиев Равиль, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Кимерсен Наурызбай, Аягөз ауданының Горное ОМ 10 сынып оқушысы (математика);
- Жидилова Жания, Өскемен қаласының №11 МГ 11 сынып оқушысы (экономика);
- Мейрамбек Мадина, Күршім ауданының №3 Күршім МГ 11 сынып оқушысы (биология);
- Әбенова Қаракөз,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы (әдебиет);
- Зекенов Зангар,Семей қаласының №37 МГ 11 сынып оқушысы (өлкетану);
ІІІ – дәрежелі дипломдармен:
- Кельдинова Айман, Амангелдыева АйымСемей қаласының №37 МГ 11 сынып оқушылары (физика);
- Мейрканов Арсен,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Хусаинов Ильяс, Кушкунов Вадим,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушылары (техника);
- Редькина Алина,Өскемен қаласының №27 ОМ 11 сынып оқушысы (жер және ғарыш ғылымы);
- Еркинова Мадина,Өскемен қаласының №3 МГ 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Нұриев Абылайхан,Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Набигазинова Эльнура, Мұхамедиярова Тоғжан,Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мектептің 11 сынып оқушылары (экономика);
- Советханова Дана, Муратов Радиф,Семей қаласының №38 МЛ 11 сынып оқушылары (экономика);
- Мұратова Айғаным,Өскемен қаласының №3 МГ 11 сынып оқушысы (информатика);
- Нуруллаев Мансур, Циос Дмитрий, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің 11 сынып оқушылары (информатика);
- Талғат Ильдана, Семей қаласының №1 ОМ 11 сынып оқушысы (химия);
- Комова Ярослава, Риддер қаласының №3 ОМ 11 сынып оқушысы (тарих);
- Мұхтаров Абзал, Өскемен қаласының №32 ОМ 11 сынып оқушысы (тарих);
- Оспан Саяжан, Күршім ауданының, Қ. Нұрғалиев атындағы МГ 11 сынып оқушысы (әдебиет);
- Алтаева Ақмарал, Күршім ауданының №3 Күршім МГ 11 сынып оқушысы (тілтану);
- Даулетов Галимжан, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешенінің 11 сынып оқушысы (тілтану);
- Ескалиев Ертай Семей қаласының №10 ОМ 11 сынып оқушысы (өлкетану).
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталарымен:
- Акимжанов Дархан, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектептің 11сынып оқушысы (техника);Атымханова МәдинаӨскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы (информатика);
Зайтан Берік, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналғанмамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (физика);
Перевертунов Даниил, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектептің 11сынып оқушысы (биология);
Сақпан Ақнұр, Балтабаева Балнұр,Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мектептің 10 сынып оқушылары (химия);
Сотникова Алена, Семей қаласының №1 ОМ 11 сынып оқушысы (құқықтану);
Сайлауова Назерке, Семей қаласының Абралы ОМ 10 сынып оқущысы (өлкетану);
Әбдіхатова Ақжан, Семей қаласының Пригородное ОМ 11 сынып оқушысы(этномәдениеттану)
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа табыстар тілейміз!