«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың басты мақсаты: оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиада екі кезеңде өтеді.
1-ші кезең 2014 жылғы 11-наурызда өткізіледі. Онда әр деңгейдегі 30 тапсырма ұсынылады.
Сайтқа кіріп тапсырма орындаууақыты сағат 11.00 мен 11.30 аралығында. 1-кезеңнің өту мерзімі – 40 минут.
Оқушылар www.cdo.kz сайтында алдын ала тіркелуі қажет.
1-ші кезеңінің жеңімпаздары оқушылардың көктемдік демалыстарында «Балдәурен» РОСО базасында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) өткізілетін 2-ші (республикалық) кезеңге қатысуға шақырылады.
Олимпиаданың 1-ші кезеңінің ұйымдастыру жарнасы бір қатысушыға 200 (екі жүз) теңгені құрайды. Төлем www.cdo.kz сайтында көрсетілген әдістер бойынша жүргізіледі.
Олимпиада туралы толық ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Сайтқа тіркелу жайлы мағлұматты 8(7182)65-29-77, 8(777)403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.