+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» атты республикалық семинарды өткізу туралы
21 Ақп, 04:13

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 20-30 наурыз аралығында Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Сулеймен Демирель университетінің базасында қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберліктерінің деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің тәрбие қызметіне тиімді ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу.

Семинарға келу күні – 26 наурыз, аяқталуы – 30 наурыз.

Семинарға қатысу туралы өтінімді 2014 жылдың 12 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы жіберу қажет:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

мектеп

Пән

Оқыту

тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығыны (ұйымдастыру жарнасы – 15000 тг., тамақтану және жатын орны, барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарнасын мына есептеу шотына аудару қажет:

РГКП РНПЦ «Дарын»

РНН 600900131236

БИН 990240007434

ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиал№119900

АО «Қазақстан Нар Сбер Банк» Астанақ.

КБЕ16

E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс8/7232/552012