+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Журналист болғым келеді» және «География – менің таңдауым» байқаулары туралы
19 Ақп, 10:44

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасымен бірге Қазақстан колледждерінің студенттері мен мектептерінің оқушылары арасында республикалық «Журналист болғым келеді» атты үздік шығармалар байқауы мен «География – менің таңдауым» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.

Байқаулардың мақсаты: ғылым мен журналистика саласында дарынды жас өрендерді анықтау, студенттер мен мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу талапты жас өрендердің шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу.

Байқауға кез-келген еркін тақырыптағы шығармалар, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған ғылыми жұмыстар қабылданады.

Жұмыстар 2013-2014 оқу жылы бойы әр айдың 15-іне дейін info@zertteushi.kz электронды мекенжайында қабылданады.

Байқаулардың ережесі «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының (zertteushi.kz) сайтында жарияланған.

Барлық сұрақтар бойынша 87013971713, 87775191373, 87074381997 телефондарына хабарласуға болады.