+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысының іріктеу кезеңінің қорытындысы
17 Ақп, 04:57

2014 жылдың 10-12 ақпаны аралығында «Хабар» агенттігінің шығармашылық топ өкілдері мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы облыстағы орыс тілінде білім беретін мектептерінің 9 - 11 және 6 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының іріктеу кезеңін өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты: талантты жастарды тауып, қолдап, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру, білімді насихаттау.

Іріктеу кезеңге: Өскемен қаласынан, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен  облыстық білім мекемелерінен жиыны 230 оқушы қатысты.

 

Аудан/қала

Барлық қатысушылар саны

Ақтық сайысқа өткен қатысушылар саны

1

Өскемен

94

32

2

Ұлан

30

5

3

Шемонаиха

20

5

4

ДБА №34 МЛ

20

5

5

ДБА «Восток» ҒЗДООМК

26

5

6

ДБА ОММФИМЛ

40

12

 

Барлығы

230

64

9-11- ші сыныптар бойынша республикалық Үлкен Лигаға 28 қатысушы және Кіші Лигаға 6-шы сыныптар бойынша 36 қатысушы Алматы қаласына «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына іріктелініп алынды.

Республикалық Лигаға өткен оқушылар «Хабар» агенттігінің шақыруы бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телевизиялық интеллектуалдық сайысына қатыса алады.