2014 жылдың 26 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Протвино қаласында (Ресей) нақты ғылымдарға негізделген, шығармашыл және зияткер дарынды балаларды қолдау мақсатында, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Компьютерлік физика» атты оқушылардың халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада бірнеше бөлімдерден, яғни, жас физиктер турниры, «Компьютерлік зияткерлік ойын» турнирі және «Компьютерлік шығармашылық» ғылыми жобалар қорғау сайыстарынан тұрды.
Шығыс Қазақстан облысынының құрамын облыстағы жалпы білім беретін мектептерден 20 оқушы құрады. Оқушылардың жұмыстарын ресейдің жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдары бағалады.
«Компьютерлік шығармашылық» ғылыми жобалар қорғау сайысының нәтижесінде облысымыздан қатысқан барлық оқушылар жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломмен 12 оқушы марапатталды:
- Жанабаев Асет – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы;
- Тупелеков Сұлтан – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Курмангалиев Равиль –Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Зайтан Берик – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Берекебаева Жансұлу – О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейідің 11 сынып оқушысы;
- Шайыков Ерлан – Семей қаласындағы №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы;
- Ченемесов Алмат – Семей қаласындағы экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы;
- Тусупов Темирлан – Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;
- Мусин Ерасыл – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Аканова Ғазиза – Күршім ауданы №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы;
- Маткаримов Асанали - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Билялов Алмас – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
IIдәрежелі дипломмен:
- Меирканов Арсен – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Айкебаева Арайлым – Катонқарағай ауданындағы К. Дамитов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;
- Зейнулла Айбар – Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;
- Садыкова Амина – Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;
- Шыныбаев Данияр – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Кияшев Алишер – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы;
IIIдәрежелі дипломмен:
- МұратоваАйғаным– Өскеменқаласындағы№3 көпсалалы мектеп-гимназияның11 сыныпоқушысы;
- Нұрғалиев Ақжол – Күршім ауданы, К. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар, «Компьютерлік зияткерлік ойын» сайысында да оқушылар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Нәтижесінде облысымыздан қатысқан 5 оқушы командалық 3 орынға ие болды. Команда құрамында: Мұратова Айғаным, Нургалиев Ақжол, Меирканов Арсен, Маткаримов Асанали, Курмангалиев Равильболды.
Жалпы алғанда, «Компьютерлік физика» халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық І орынмен марапатталды.
Оқушылардың жеңіске жетуіне мектеп ұстаздарының, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми кеңес орталықтарының оқытушыларының, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлерінің жүйелі түрде жүргізілген жұмыстары ықпал етті.
Шығысқазақстандықтарды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!