2014 жылдың 25-27 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Шара оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін арттыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу бала кезінен қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Оқушылардың жобаларды қорғауы 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тілі және әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Республикалық кезеңге барлық өңірлерден 281 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 20 оқушы қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша 16 қатысушы жүлдегер атанып, 1 оқушы РҒП «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды. Сайыс нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық 1-орынға ие болды.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-Өскемен қаласы "Нұр-Орда" халықаралық мектебінің 2-сынып оқушысы Тоқан Жанель (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
-Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 7-сынып оқушысы Саакян Богдан (математика – информатика);
-Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 3-сынып оқушысы Есипов Михаил (география – экология);
-Өскемен қаласы "Нұр-Орда" халықаралық мектебінің 3-сынып оқушысы Сапарбек Абылайхан (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
-Абай ауданы Әбенов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысыТөлеубаева Анель (қазақ тілі және әдебиеті)
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласы №11 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Жумагалиев Данияр(математика – информатика);
-Өскемен қаласы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Бейсембаева Диана (қазақ тілі және әдебиеті);
-Өскемен қаласы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Серикхан Адила (биология, химия, валеология);
-Өскемен қаласы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әсетқызы Камила (биология, химия, валеология);
-Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің 4-оқушысы Умирова Амина (физика, техника);
- Семей қаласының №37 гимназиясының 4,7-сынып оқушылары Ерланов Бауыржан мен Ерланова Балжан (медицина, психология)
III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің 3-сынып оқушысы Тұрсынбек Камила (медицина, психология);
- Күршім ауданы Қалжыр орта мектебінің 7-сынып оқушысы Тоқанов Айдын (физика, техника);
- Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 7-сынып оқушысы Диденко Андрей (орыс тілі мен әдебиеті);
- Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 7- оқушысы Рахымбеков Алтай (математика, информатика).
«Дарын» РҒПО грамотасымен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық №34 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Пушенко Екатерина (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға және ұстаздары мен ата-аналарына келешек табыстар тілейміз!