+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының X Халықаралық математика, физика және информатикадан Жәутіков олимпиадасына қатысу қорытындысы
24 Қаң, 10:49

2014 жылдың 12-18 қаңтар аралығында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы математика, физика және информатика пәндерінен XХ алықаралық Жәутіков олимпиадасынақатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен өтті.

Олимпиадаға 17 елден 59 команда (390 қатысушы) қатысты. Олар: Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Үндістан, Индонезия және Монғолия.  

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – дарынды балаламен жұмыс жасауда өзіндік тәжірибесі мен қолтаңбасы бар дүние жүзі елдерінің арнайы мамандандырылған физика-математикалық мектептерінің арасындағы бірегейзияткерлік сайыс. Олимпиада қатысушыларға ары қарай өсуіне, нақты ғылымдарға өздерінің қабілеттерін дамытуға, инновацияның және технологияның қарқанды даму ғасырында өздерінің қажетті болуларына мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 7 облыс оқушысы қатысты.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының оқушысы Туруспеков Диас (информатика) марапатталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!