«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 13-14 ақпаны аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, Қазақстанның және жақын шет елдердің әскери кадет мектептердің өкілдеріне арналған «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебіндегі әскери-патриоттық білімнің жағдайы, мәселелері мен болашағы» атты халықаралық семинар-кеңес өткізеді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын, конституциялық борыштарын орындауды қалыптастыратын патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру. Білім алып жатқан жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыратын жаңа тәсілдер жинақтау.
Семинарға келу күні – 12 ақпан, аяқталуы – 14 ақпан (15:00-ден кейін).
Семинарға қатысу туралы өтінімді 2014 жылдың 27 қаңтарына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына немесе 8/7232/552112 факсына жіберу қажет:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Қызметі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығыны (барып-қайту жолы, жатын орны – 6000 теңге тәулігіне, «Дастан» қонақ үйі, Ш. Құдайбердиев көшесі, 38А.) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.