2013 жылдың 27 желтоқсанынан 2014 жылдың 15 қаңтары аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталымен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлар олимпиадасын өткізді.
Юниорлық олимпиада оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықтарын арттыруға, оқушылардың жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындалуларына және жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадаларға қатысушылардың резервін құруға септігін тигізеді.
Олимпиада ІІ турда өткізілді. 2013 жылы 27 желтоқсанда өткен І турға Шығыс Қазақстан облысынан 286 оқушы қатысты. Оның қорытындысы бойынша 100-ден көп ұпай жинаған 21 оқушы ІІ турға қатысты. ІІ турдың – қортындысы бойынша 6 оқушысы жүлдегер атанды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
1. Зырян ауданының №8 ОМ оқушысы Родионова Алина;
2. Бородулиха ауданы Новопокровка ОМ оқушысы Кресс Александра;
3. Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп оқушысы Муффмин Ая;
4. Курчатов қаласының №1 ОМ оқушысы ТабысТалгар.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
1. Глубокое ауданы Мало-Убинка ОМ оқушысы ЛаптеваАнна;
2. Семей қаласының №20 ОМ оқушысы Шаймарданов Али марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте жаңа табыстар тілейміз!