+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
20 Қаң, 08:50

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталадыру мақсатында РҒПО «Дарын» кубогына қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізетіндігі жайлы хабарлаймыз.

Олимпиадаға тіркелу мен қатысу www.cdo.kz сайтында өткізіледі. Олимпиаданың 1-кезеңіне  қатысу құны – 200 теңгені құрайды.

Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:

·   1 кезең: 2014 жылдың 10 мен 27-ші ақпан аралығында

·  1 кезеңнің қортындысы: 2014 жылыдың 1 наурызында (екінші кезеңге өткен қатысушылар анықталады)

·   2 кезең: 2014 жылғы 6 наурызда (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін)

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Олимпиадада 4 пән бойынша «Күз-қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктар, фотоаппараттар, флешкалар және т.б) марапатталады.

Олимпиаданың өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz  және  www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8 (7182) 65-29-77, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және  www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуге болады.