+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің фестиваль – байқауын өткізу туралы
14 Қаң, 10:47

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Астана қаласында «Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің фестиваль – байқауы өткізетіндігі туралы хабарлайды.  

Фестиваль – байқаудың мақсаты – фортепианолық өнер саласында жаңа таланттарды айқындау, ұлттық фортепианолық мектептер дәстүрін нығайту, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу.

Байқауды ұйымдастырушылар – Астана қаласы әкімдігі, «Accordi di Astana» қоғамдық қоры.

«Astana Piano Passion» байқауы үш кезеңмен өтеді: іріктеу кезеңі (видеожазбалар бойынша), бірінші кезең (жеке бағдарлама), екінші кезең (оркестрмен концерт).

Байқауға 18 жасқа дейінгі бастауыш, орта және жоғары музыкалық білім беру мекемелерінің оқушылары – жас пианисттер шақырылады. Байқаудың жүлде қоры – 60 000  АҚШ долларын құрайды.

Фестиваль – байқаудың жартылай финалы және финалы 2014 жылдың 10-16 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді. Өтінімдерді 2014 жылдың 15 наурызына дейін сайт арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберуге болады.

Байқау жайлы толық ақпарат және өтінім үлгісі www.astana-app.kz cайтында жарияланған.

Фестиваль – байқаудың ұйымдастыру бөлімінің байланыс телефоны: 8/7172/705 335, электронды пошта: info@ astana-app.kz.