+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Командалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
14 Қаң, 10:36

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, зияткерлік  сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында қашықтан командалық олимпиадалар өткізетіндігі туралы хабарлаймыз. Олимпиаданың нәтижелері ортақ мектеп рейтингінде есептеледі және басты жүлде «Дарын» РҒПО кубогымен марапатталады.

Командалық олимпиадаға 2014 жылдың 28 қаңтарында сағат 11:00 – ден 13:00 дейін қатысуға болады. Олимпиаданы орындауға 3 сағат уақыт беріледі. Командалық олимпиадаға бір оқу мекемесінен 7-11 сынып арасындағы 10 оқушы қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Командалық олимпиада тапсырмалары математика, информатика, қазақ және орыс тілі пәндерінен, логика, қазақ халқының этнографиясы саласынан 10 сұрақтан тұрады.

Олимпиадаға тіркелу мен қатысу www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиадаға қатысу үшін командаға бір логин/пароль мен есеп шот нөмірі қажет.

Командалық олимпиадаға  қатысу құны – 2000 теңгені құрайды.

Олимпиаданың өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz  және  www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8 (7182) 65-29-77, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы және  www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуге болады.