+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы
13 Қаң, 06:34

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жас ұрпақтың шығармашылық зейінін дамытуға, зияткерлік және құқықтық сауаттылығын артыруға, сонымен қатар талантты балаларды анықтау мақсатында Ресей мемлекеттік зияткерлік меншігі академиясы ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен 14-18 жастағы мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Олимпиаданың ережелері www.daryn.kz және www.olimpiada-rgiis.ru сайтында берілген.

Ережеге сәйкес 2014 жылдың 1 ақпанына дейін www.olimpiada-rgiis.ru сайтында тіркелген оқушылар олимпиадаға қатыса алады.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – жалпы білім беретін пәндер бойынша он-лайн тестілеу.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары екінші іріктеу кезеңге оқушылардың көктемгі каникул күндері Астана қаласындағы С. Мәуленов атындағы №37 ОМ шақырылады.

Үшінші (ақтық) кезең 2014 жылдың 21 - 26 сәуірі аралығында Мәскеу қаласында өтеді.

Ақтық кезеңнің жеңімпаздары Ресей мемлекеттік зияткерлік меншігі академиясына оқуға дипломмен марапатталады.

Аталған олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсы (ғылыми жарыстар) мен халықаралық және республикалық олимпиадалар, әншілер конкурсы, кәсіби шеберлер және спорттық жарыстар конкурсының тізіміне кірмейді.

Қатысушылардың іріктеу айналымына іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатар орын) бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен, ал ақтық кезеңге қатысу шақырушы жақтың (Ресей Федерациясы) есебінен өтеледі.