Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 8-9 қаңтарында Өскемен қаласындажалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін артыру, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім беру ісінің беделін арттыру.
Облимпиадаға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан, облыстық білім мекемелерінен аудандық (қалалық) кезеңдердің жеңімпаздары - 610 оқушы қатысты.
Олимпиада жалпы білім беретін 14 пән бойынша екі турда (теориялық және эксперименталды) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде және С. Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (химия, физика пәндері бойынша эксперименталды тур) өткізілді.
Қатысушылардың жұмысын құрамында өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары кірген қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша 219 оқушы жүлдегер атанып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада жүлдегерлерінің саны бойынша «Үздік ауыл мектебі» номинациясында Зайсан ауданының Ломоносов атындағы орта мектебі, Абай ауданының Қарауыл гимназиясы, «Үздік қала мектебі» номинациясында Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы, Семей қаласының №6 гимназиясы марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы және кубоктар:
1) Өскемен қаласының құрама командасына;
2) Семей қаласының құрама командасына;
3) Күршім ауданының құрама командасына;
4) Өскемен қаласының ҚТЛ құрама командасына;
5) Семей қаласының ҚТЛ құрама командасына берілді.
Олимпиаданың жабылу салтанатына Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Н.Н.Линок, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары, облыстық, республикалық БАҚ өкілдері қатысты.
Олимпиадада 1,2 орын алған жүлдегерлер наурыз айында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ШҚО-да Өскемен қаласында өтетін және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Шымкент қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.