Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 08 қарашадағы №520 «2010-2011 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізу туралы» бұйрығына сәйкес олимпиаданың 8-11 сынып оқушыларына арналған аудандық (қалалық) кезеңдері 2011 жылы 14-15 қаңтарда өтеді.
2011 жылдың 05 қаңтарына дейін мектептік - іріктеу кезеңін өткізіп, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына олимпиадаға қатысуға өтінім беру қажет. Осы өтінімге сәйкес тапсырмалар дайындалады. Өтінімде әр пән бойынша сыныптардың әр параллелінен оқыту тіліне қарамастан барлығы 15 оқушыдан аспауы қажет. Олимпиадаға қатысу тегін.
Олимпиада тапсырмаларын алу үшін аудандық (қалалық) білім бөлімінің өкілі өзімен бірге жеке куәлігі мен білім бөлімі бастығының қолымен расталған сенімхат ала келуі қажет.
Тапсырмаларды және есеп құжаттарын алу кестесі:
- Семей қаласының және аудандық білім бөлімдері мен Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелері – 12.01.2011 ж.;
- Өскемен қалалық білім бөлімі мен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелері – 13.01.2011 ж.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қала/аудан |
Пәні |
Сынып |
Олимпиадаға қатысушылар саны |
Барлығы (15-тен артық емес) |
|
||
|
|
|
|
Қаз. |
Орыс. |
|
|||
Өтінімдерді Өскемен қаласы, 30- Гвардиялық дивизия көшесі, 4-үйге; 8 /7232/ 75-84-59 факсы бойынша жіберу қажет.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің іріктеу айналымына ұсынылатын құжаттар
1. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің іріктеу айналымына қатысуға аудандық (қалалық) білім бөлімі бастығының, ДБА облыстық білім мекемесі директорының қолы қойылған аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінің өтінімі. Өтінімде көрсетілген оқушылар саны аудандық(қалалық) кезеңде ұсынылған есепке сәйкес болуы қажет.
2. 8,9,10,11 сыныптарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңдерінің қазылар алқасы отырысының хаттамалары (үлгі бойынша).
3. Хаттамаларға сәйкес әр пәннен оқушылардың 3 үздік жұмысы (кесте).
|
№ |
Пән |
9 сынып |
10 сынып |
11 сынып |
|
1 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
- |
3 |
3 |
|
2 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
- |
3 |
3 |
|
3 |
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі |
- |
3 |
3 |
|
4 |
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі |
- |
3 |
3 |
|
5 |
Қазақстан тарихы |
- |
3 |
3 |
|
6 |
Құқық негіздері |
- |
3 |
3 |
|
7 |
Ағылшын тілі |
- |
3 |
3 |
|
8 |
Неміс тілі |
- |
3 |
3 |
|
9 |
Француз тілі |
- |
3 |
3 |
|
10 |
Математика |
3 |
3 |
3 |
|
11 |
Физика |
3 |
3 |
3 |
|
12 |
Химия |
3 |
3 |
3 |
|
13 |
Биология |
3 |
3 |
3 |
|
14 |
Информатика |
3 |
3 |
3 |
|
15 |
География |
- |
3 |
3 |
4. Сондай-ақ әр пән бойынша 8-сынып оқушыларының 1 үздік жұмысын және гуманитарлық пәндер бойынша 9-сыныптың 1 үздік жұмысын тапсыру қажет. Барлық пәндерден 8-сыныптың, гуманитарлық пәндерден 9-сыныптың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Көктемгі олимпиада (сәуір) өткізіледі.
Олимпиада жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар
1) олимпиаданың әр айналымы жеке дәптерде орындалады;
2) сыртқы бетінде:
оқушының аты-жөні
аудан/қала
мектеп
сынып
пән
айналым
ШҚО білім басқармасының бұйрығына сәйкес өткен уақыты
мұғалімнің аты-жөні, тегі көрсетілуі қажет.
3) Сыртқы және 1-бетінде білім бөлімінің (облыстық білім мекемесінің) мөртабаны қойылады. 1-бетте - әр тапсырма үшін ұпайлар, жалпы ұпай көрсетіліп, қазылар алқасының қолы қойылады. Оқушылар тапсырмаларды 2-беттен бастап орындайды.