2013 жылы 18 - 21 желтоқсанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысындағы және 22-24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
Шараның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
- 9 - 13 жас аралығындағы оқу озаттарының арасынан жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына адрестік көмек көрсету.
Шыршалар құрылысы жаңа ғана біткен Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында өтті.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларынан, балалар үйлері мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттардан, облыстық білім мекемелерінен, «Бибі-Ана» мүгедек аналар қоғамынан, патронаттық отбасылардан Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін Жаңа жылдық шыршаға 200, облыс әкімінің шыршасына 150 дарынды оқушы қатысты.
Шыршаға келетін әр делегацияға Өскемен қаласының мектептері мен колледждерінің ұстаздарынан шефтер бекітілген.
Ұйымдастырушылар балалар үшін қызықты бағдарлама әзірледі, онда: облыстық қосымша білім беру, дене шынықтыру орталығы өткізген «Көңілді старт» спорттық ойындары, үстел ойындары; «Жаңа достар ортасында» танысу кеші, сауықтыру-танымдық бағдарлама (ұйымдастырушылар – ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі; Өскемен қаласының №15 балалар өнер мектебі, №43 ОМ «Балбұлақ» өнер мектебі , №27 ОМ «Шабыт» өнер мектебі), «Юбилейный» кинотеатрында жаңа жылдық «Суық жүрек» мультфильмін; Жамбыл атындағы облыстық драма театрында «Кішкентай мүк» ертегісін тамашалау, тарихи-өлкетану, этнографиялық мұражайларды, өнер мұражайын аралау болды.
Жаңа жыл шыршатойына қатысушылардың бейімделу процесін жеңілдету, таныстықты ұйымдастыру, достық, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатымен «Дарын» орталығының, Өскемен қаласы мектептерінің психологтары психологиялық тренингтер өткізді.
Өскемен қаласының Республика алаңында «Ертегіде қонақта» мерекелік шоу-бағдарламасы, жаңа жылдық отшашу ұйымдастырылды.
Жаңа жылдық шыршаларға қатысушылар үшін «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» деген тақырыпта сценарий әзірленді.
ШҚО әкімінің Жаңа жылдық шыршасы кезінде Күршім, Шемонаиха аудандарымен бейнеконференц байланыс режимінде тікелей байланыс орнатылды.
Карнавалдардан кейін Шыршаларға қатысушылар суретке түсіп, «Тәттілер дастарқанынан» дәм татты.
Жаңа жылдық шыршалар кезінде облыстық БАҚ өкілдері қатысушылардан сұқбат алды. Балалар алған әсерлерімен қуана бөлісіп, жаңа жылдық өлеңдерін оқыды. «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Турганбаев Темірлан Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына мереке үшін, берген сыйлықтары үшін рахмет айтты. Ал Ұлан ауданынан келген Мукашева Жасмин жатқа өлең оқып, Бердібек Мәшбекұлына Жаңа жылдық шыршаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін өз алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Шығыс Қазақстан облысында өткізілетін Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың әрқайсысына ноутбук пен кітаптар, жаңа жылдық кулек, облыс әкімінің шыршасына қатысушылар үшін планшет пен жаңа жылдық кулек сыйға берілді Балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге облыс әкімінің атынан сыйлықтар – компьютерлік және тұрмыстық техника тарту етілді.