+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ағылшын тілі, информатика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық интернет олимпиадасын өткізу туралы
25 Жел, 03:40

«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2014 жылғы 23-24 қаңтар (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында ағылшын тілі, информатика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Дарын» РҒПО Кубогына республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kzсайтында өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат  www.daryn.kz  және  www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты:  8 (7182) 65-29-77,  8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуге болады.