Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық жас ақындар байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени – адамгершілік құндылықтар, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқау жас ерекшеліктеріне қарай жалпы білім беретін мектептердің 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқауға барлығы 79 үміткер қатысты. Жұмыстарды білікті қазылар алқасы - облыстық «Дидар» газетінің тілші-журналистері, Шығыс Қазақстан облысының белгілі ақындары мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қызметкерлері сарапқа салды.
Байқау қорытындысы бойынша ережеге сәйкес келесі жүлдегерлер анықталды:
5-7 сыныптар:
1 орын:
Алтайұлы Әли - Зайсан ауданы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы.
2 орын:
- Алпысбаев Бекзат - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп - лицейінің 7 сынып оқушысы;
- Қанапиянова Арайлым - Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы.
3 орын:
- Ахметбеков Рапихбай - Бородулиха ауданы, Экономикалық лицейінің 7 сынып оқушысы;
- Прохорова Екатерина - Өскемен қаласы, №2 мектеп-гимназия кешенінің 6 сынып оқушысы.
8-10 сыныптар:
1 орын: Жеңіс Оразай - Глубокое ауданы Малоубинка орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
2 орын:
- Елеубаев Елнұр - Бородулиха ауданы, Экономикалық лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Райымбек Өмірбаев.
3 орын:
Сейітқұмаров Бекжан - Күршім ауданы Қайнарлы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Төлеухан Гүлден - Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы;
Таңжарыққызы Айнұр - Зайсан ауданы Мукарама атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Жеңімпаздарға грамоталар, қатысушыларға сертификаттар табысталады.