+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың IT– жобалары көрмеге қатысушылардың қызығушылықтарын туғызды
12 Жел, 08:19

2013 жылдың 6 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары өңірлік «IT– көрмеде» өздерінің ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасаған ғылыми зерттеу жұмыстарын ұсынды. Осындай мүмкіншілік балаларға екінші рет туып отыр: үстіміздегі жылдың сәуір айында облыстық, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен жарыстардың оқушы – жеңімпаздары информатика пәні мұғалімдерінің облыстық форумында ғылыми зерттеу жұмыстарының презентациясын жасады.

Бұл жолғы өңірлік «IT – көрмені» Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Алтай» IT – паркі ұйымдастырып отыр. Мұнда, оқушылармен қоса, жоғарғы оқу орындарының, кәсіпорындар мен облыстың жетекші компанияларының өкілдері қатысты.

Көрменің құрметті қонақтары ретінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Б.Көшербаев қатысты.

Облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 5 дарынды оқушысы өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды. Сонымен, Саакян Богдан штрих-кодтың цифрлары арқылы заттың шынайылығын білетін компьютерлік бағдарлама құрастырды. Көрменің жас қатысушысы (6-сынып оқушысы) Сапарали Бернар –- Евклид алгоритмі мәселесін компьютерлік бағдарлама дайындау жолы арқылы шешті. Ермолаев Вячеслав қозғалыс траекториясының геометриялық қасиеттерін компьютерлік модельдеу әдісін қолдану арқылы зерттеді. Тағы екі қатысушы - Нуруллаев Мансур мен Циос Дмитрий Gmol технологиясын наноқұрылымдарды модельдеуге қоолдану туралы айтып берді.

Балалардың ғылыми зерттеулері көрмеге келген қонақтар мен қатысушылардың шынайы қызығушылықтарын туғызып, жоғары бағаланды. Әр дарынды оқушыға өңірлік «IT– көрменің» сертификаттары табыс етілді.