2013 жылдың 3 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдиннің студенттермен кездесуі өтті.
Кездесуге Семей қаласының жоғарғы оқу орындарында, колледждерінде оқитын 385 студент қатысты. Сонымен қатар, аудандағы әртүрлі мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты: Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Ж.Б. Тлеуберлин, білім бөлімінің басшысы Б.Қ. Тұрлыбеков, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы К.Б. Карашаев, оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Г.Қ. Искакова және БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушыларға арналған өз сөзінде аудан әкімі С. З. Зайнулдин ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен келешегі туралы, іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайлы, мамандар қажеттілігі және т.б. туралы айтып берді. Сонымен қатар, ауданға медицина мамандары, ветеринарлар және мұғалімдер қажеттілігін баса айтты.
Кездесу барысында «еркін микрофон» ұйымдастырылды қатысушылар белсенділік танытып, өз сауалдарын қойды.
Кездесу аясында 2 студентпен іс-тәжірибеден өтуге, 13 студентпен жұмыспен қамтамасыз ету туралы ниет хаттамалары толтырылды.
Оқу озаттары мен белсенді студенттер аудан әкімінің сыйлықтарымен, мадақтамаларымен марапатталды. Кездесуге қатысқан студенттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, болашақта осындай кездесуді дәстүрлі түрде өткізсе деген тілектерін білдірді. Кездесу соңы аудан әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.