ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық жас ақындар байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Байқаудың басты мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени – адамгершілік құндылықтар, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әр аудан (қаладан) немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 4 жұмысқа дейін қабылданады.
Байқаудың толық ережесі http://shygysdaryny.kzсайтында жарияланған.
Байқауға тапсырысты төмендегі үлгі бойынша, сонымен қатар оқушылардың жұмыстарын Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 (Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы) 2013 жылдың 12 желтоқсанына дейін жіберу қажет.
Байланыс телефондары: 8/7232/700-609, 55-21-12. Эл. пошта: vk_daryn@mail ru
Үлгі түрі:
|
№ |
Қатысушының аты - жөні |
Аудан/қала |
Мектебі сыныбы |
Оқу тілі |
Өлеңнің тақырыбы |