+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2010 жылғы республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы
23 Жел, 04:40

2010 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері Алматы қаласында «Алатау» шипажайында өткізілген республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестиваліне қатысты. cut

Конкурстың мақсаты: инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізген мұғалімдер мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау, олардың шығармашылықтарын көрсетулеріне жағдай жасау.

Шығыс Қазақстан облысынан фестивальдің облыстық кезеңінің жүлдегерлері болған (Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттан, дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаттан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Восток» дамыта оқыту орталығынан, Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №34 мектеп - лицейден, Семей қаласындағы дарынды ер балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатынан, Өскемен қаласының №43, №4 мектептерінен, ҚРГ-дан,  Семей қаласының №1, №30 мектептерінен, экономикалық лицейден) барлығы 14 мұғалім қатысты.

Республикалық кезең қорытындысы бойынша 5 мұғалім жүлделі орынды иеленді.

 

Мұғалімнің

аты-жөні, тегі

Қала/аудан

 Орыны

1

Ж.З.Канапьянова

Дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаты

1

2

Д.М.Сыздыкбаева

Семей қаласындағы дарынды ер балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернаты

                  2

3

Н.И.Дмитриева

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №34 мектеп - лицей

                  2

4

Б.М.Қрықбаева,                        Ә.Б.Раисова

Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат

                 3

5

Ж.Қ.Ахметова

Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасы

6

Баязитова Р.А.,

Сускина О.Н.

Семей қаласы,

Экономикалық лицей, №1 ОМ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасы

 

 

Ұстаздар мен олардың ұжымын жоғарғы жетістіктерімен құттықтаймыз. Мықты денсаулық, кәсіби ұзақ ғұмыр тілейміз, шығармашылық жоспарларыңыз іске ассын!