+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – Республикалық Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері
09 Жел, 11:36

2013 жылы 04-07 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың ақырғы республикалық кезеңі өтті. Оған Республиканың барлық өңірлерінен 178 дарынды оқушы қатысты. Олимпиада 2008 жылдан бері жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша Президенттің жеке тапсырмасы бойынша өткізіледі. Президенттік олимпиада 2 турда өтті:

-  I тур – математика, химия пәндері бойынша;

-  II тур – физика, биологияпәндерінен.

Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің екі турының нәтижесі бойынша облысымыздың 3 қатысушы жүлдегер атанды.

Күміс медаль мен ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласының №6 гимназиясының 11- сынып оқушысы Ерланов Мади;

Қола медаль мен ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Тумабай Абдулла;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің оқушысы Саблин Николаймарапатталды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама әзірледі: Президентпен бірге еңбек жолын бастаған қызметкерлестерімен кездесті, Теміртау қаласындағы көрнекті жерлерге – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мұражайына, қысқы ботаникалық баққа және т.б. жерлерге экскурсиялар ұйымдастырды.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер  республикамыздың  жоғары оқу орындарына   білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын, ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз. Келешекте табыстар мен сәттіліктер тілейміз!