2013 жылы 04 желтоқсанда облыстың дарынды оқушылары «Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес» Өңірлік форумының аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.
Форумды ұйымдастырушы – ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Шара Тұңғыш Президент күніне арналған іс шаралар онкүндігі аясында өтті. Көрмеге оқушылармен қатар ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының, кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 5 дарынды оқушы қатысып, ғылыми зерттеулерін презентация, модельдерді көрсету, компьютерлік бағдарламалар түрінде ұсынды. Олар:
1) Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Касымов Нұрсұлтан - «Разработка и создание парусной ветроустановки»;
2) Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Берекебаева Жансұлу – «Модернизация системы управления пассажирским лифтом функцией блокирования несанкционированного пользования»;
3) Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Алканова Ақбота – «Ториева энергетика - будущее человечества»;
4) Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Акимжанов Дархан - «Повышение трибологических свойств стали 18ХНЗМА – ІІІ методом обработки в плазме электролита»;
5) Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Данилов Глеб – «Электронная карта ребенка».
Көрмеге құрметті қонақтар ретінде ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты С.В.Плотников қатысты.
Көрмеге белсене қатысып, оқушыларды дайындағаны үшін ШҚО әкімі Б. Сапарбаевтың арнайы дипломымен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен «Инновационный форсаж» республикалық конкурсының финалисі Данилов Глеб марапатталды.