Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 29 қарашасында мектеп оқушылар арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: оқушылар бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау 2 кезеңде өтті: I кезең – қалалық (аудандық), II кезең – облыстық.
Байқауға барлығы 65 үміткер қатысты. Жұмыстарды білікті қазылар алқасы: «Дидар» газетінің тілші-журналистері мен өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары сарапқа салды. Байқау қорытындысы бойынша ережеге сәйкес жүлдегерлер анықталды.
1 орынмен марапатталғандар:
Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындығы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей- интернатының оқушысы Аслан Асхатов;
Аягөз ауданы № 6 орта мектебінің оқушысы Жүрсін Ақерке;
2 орынмен марапатталғандар:
Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындығы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей- интернатының оқушысыЕрқанат Бердикожин;
Өскемен қаласыдарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Арман Гарапов;
Өскемен қаласыдарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Назерке Есхатова;
3 орынмен марапатталғандар:
Өскемен қаласыдарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Мадина Серікбаева;
Шемонаиха ауданы Д.М. Карбышев атындағы орта мектебінің оқушысы Юлия Кузьминых;
Зайсан ауданы Сарытерек орта мектебінің оқушысы Бекзат Қасенова;
Катон-Қарағай ауданы Аршаты орта мектебінің оқушысы Аяулым Қадылбекова;
Ұлан ауданы М. Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушысы Талшын Ғаппасова;
Аягөз ауданы Ж. Жабаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әділ Рафаилов.
Жеңімпаздарға грамоталар, қатысушыларға сертификаттар табысталады.