+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Күршім ауданының әкімі А.С.Сейітовтың Өскемен, Семей қалаларының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесу қорытындысы
03 Жел, 11:50

2013 жылдың 26, 27 қараша күндері Өскемен және Семей қалаларында,Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітұлы Сейітовтың жоғарғы оқу орындарында, колледждерде оқитын студенттермен кездесуі болды. Іс-шаралар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да және Семей мемлекеттік медицина университетінде өтті.

Кездесуге Өскемен қаласында оқитын 606 студент, Семей қаласында оқитын 201 студент қатысты. Кездесуге аудандағы түрлі мемлекеттік құрылым өкілдері мен «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша келген жас мамандар қатысты.

Қатысушыларға арналған өз сөзінде аудан әкімі А.С.Сейітов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен келешегі туралы, іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайлы, мамандар қажеттілігі және т.б. туралы айтып берді.

Кездесуге қатысып отырған құрметті қонақтар студенттерді туған өлкелерін дамытуға үлес қосуға шақырды.

Жас мамандар ауылға жұмысқа тұрғанда берілетін жеңілдіктер туралы айтып, өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісті. Жастарды ауылда еңбек жолдарын бастауға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз сауалдарын қойды.

Кездесу аясында болашақ мұғалім мамандығының 26 студенттерімен, 23 медицина мамандығының студенттерімен іс-тәжірибеден өту және жұмыспен қамтамасыз ету туралы ниет хаттамалары толтырылды. Оқу озаттары мен белсенді студенттер аудан әкімінің сыйлықтарымен, мадақтамаларымен марапатталды. Кездесуге қатысқан студенттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, болашақта осындай кездесуді дәстүрлі түрде өткізсе деген тілектерін білдірді.