+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8 - 11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндербойынша республикалық ғылыми жобаларконкурсының облыстық кезеңінөткізу қорытындысы
29 Қар, 12:32

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы 8-11 сынып  оқушылары үшiн республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Шараның мақсаты - ғылыми-зерттеулер, зияткерлiк-шығармашылық әлеуетінжәне мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту, дарынды оқушылардың  өз қабілеттерін көрсету үшін қажетті жағдай жасау, республикалық және халықаралық конкурстарға оқушыларды дайындау, іріктеу.

Аудандық (қалалық) турдың 358 жеңiмпазы облыстық кезең байқауына қатысты. Жұмыстарды қорғау 16 секциябойынша өткiзілдi: физика; техника; Жер және ғарыштуралы ғылым; математика; қолданбалы математика; экономика; информатика; химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адамның денсаулығы; тарих; құқықтану; өлкетану; әдебиет; этномәдениеттану және тiл бiлiмi.

Қазылар құрамында өңірдің ЖОО-ның жетекшi ғалымдары болды.

Байқаудың қорытындысыбойынша 138 жүлделi жоба анықталды.

I дәрежелi дипломмен - 24 қатысушы (24 жоба ), II дәрежелi дипломмен - 49 қатысушы (39 жоба ), III дәрежелi дипломмен - 100 қатысушы (75 жоба) марапатталды. 

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында облыстық кезеңнің жеңімпаздарына (тестілеу) он-лайн режимінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңі өтеді.

Жүлдегерлерді жеңiстерімен құттықтаймызжәне келесі кезеңде сәттілік тілейміз!