+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Зырян ауданы әкімі Е.Б. Салимовтың Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесу қорытындысы
27 Қар, 11:02

2013 жылдың 22 қарашасы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Зырян ауданының әкімі Ермек Бидахметович Салимовтың студенттермен кездесуі өтті.

Кездесуге Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарында, колледждерінде оқитын 318 студент қатысты. Кездесуге Зырян ауданынан шақырылған қонақтар: «Казцинк» ЖШС адам ресурстары басқармасының бастығы Жан Тимурович Уракбаев, Зырян ауданының әкімшіліктің жастар орталығының директоры Шолпан Торекановна Мусабаева қатысты. Сонымен қатар, аудандағы әртүрлі мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Қатысушыларға арналған өз сөзінде аудан әкімі Е.Б. Салимов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен келешегі туралы, іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайлы, мамандар қажеттілігі және т.б. туралы айтып берді.

Кездесу барысында «еркін микрофон» ұйымдастырылды, сондықтан қатысушылар белсенділік танытып, өз сауалдарын қойды: жастардың мәдени өмірі, мемлекеттік тілдің дамуы, қаланың экологиясы және әкімшілік тарапынан жас мамандаға берілетін жеңілдіктер жайлы сұрады.

Ж.Т Уракбаев қатысушы студенттерді «Казцинк» ЖШС-не іс-тәжірибеден өтуге және болашақта жұмысқа орналасуға шақырды.

Кездесу аясында 25 студентпен іс-тәжірибеден өту және жұмыспен қамтамасыз ету туралы ниет хаттамалары толтырылды. Оқу озаттары мен белсенді студенттер аудан әкімінің сыйлықтарымен, мадақтамаларымен марапатталды. Кездесуге қатысқан студенттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, болашақта осындай кездесуді дәстүрлі түрде өткізсе деген тілектерін білдірді.