+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Балапан» ашық зияткерлік турнирін өткізу туралы
27 Қар, 10:58

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Сіздердің назарларыңызға 2013 жылдың 10 желтоқсанында мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының жоғарғы және дайындық топтарының тәрбиеленушілері үшін ашық зияткерлік «Балапан  мектепке дайындал!» турнирін өткізетінін салады.

Турнираға мектепке дейінгі ересек топтардың балалары қатыса алады (5-7 жас).

Турнирдің мақсаты баланың зияткерлік ерекшелігі мен шығармашылық мүмкіндігін, тәуелсіз және дербес жұмыс жасау қабілетін дамытып, үлкендер мен қатарластарының арасында өзін мойындатуға мүмкіндік береді.

Турнирға тілек білдіруші қазақ және орыс тілінде білім алатын даярлық және ересек топтарының тәрбиеленушілері алдын – ала іріктеусіз қатыса алады. Турнирге қатысуға ниет білдіретін білім беру мекемелері өтінімді 2013 жылдың 4 желтоқсанына дейін кестеге сәйкес келесі жолдар арқылы бере алады:

·өтінімді Ехсel форматында www.vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу;

·«Дарын» ШҚ ӨҒПО офисына жеткізу: Өскемен қ., Қабанбай батыр к-сі., 74 (жұмыс істеу кестесі: дс.-жм.: 9.00-18.00, сн, жк.:демалыс).

Тапсырыс нұсқасы

 

 

 

 

Мектепге дейінгі мекеме атауы

 

Мектепге дейінгі мекеменің мекен- жайы , электронды поштасы

 

Мектепке дейінгі мекеме директорының толық аты-жөні

Мектепке дейінгі мекемеде Турнирді ұйымдастырушының (үйлестірушінің) аты-жөні (толық), байл.телефоны

 

 

 

Тапсырмалар саны

                                

Қаз.

   Орыс.

               

Турнирге қатысу үшін төлемақы әр қатысушы үшін 350 теңгені құрайды. Төлемдерді жіберу бойынша шығындар жіберуші есебінен өтеледі.

Білім беру мекемелеріне турнирді өткізу материалдары мен нұсқаулықтары өтінімге сәйкес және төлемақы жөніндегі түбіртекті өткізгеннен кейін беріледі. Тапсырмалар пакеті балабақшадағы (мектепке дейінгі мекемелердегі) үйлестірушіге ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында келесі мекен-жайда беріледі:    Өскемен  қ., Кабанбай батыр к-сі., 74 үй (жұмыс істеу кестесі: дс.-жм.: 9.00-18.00, сн, жк.:демалыс). Анықтама телефоны: 8 (7232) 700244