+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев университеті күндері аясында өткізілген көрмеге дарынды оқушылардың қатысуы туралы
26 Қар, 06:42

2013 жылы 23 қарашада облыстың дарынды оқушылары ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев университеті күндері аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесіне қатысты.

Шара Тұңғыш Президент күнін өткізуге арналған окүндікке арналды. Көрмеге оқушылармен қатар, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жас ғалымдары мен студенттер де қатысты.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 6 дарынды оқушы қатысып, ғылыми зерттеулерін презентация, модельдерді көрсету, компьютерлік бағдарламалар түрінде ұсынды. Олар:

1) Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Касымов Нұрсұлтан - «Разработка и создание парусной ветроустановки»;

2) Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы Берекебаева Жансұлу – «Модернизация системы управления пассажирским лифтом функцией блокирования несанкционированного пользования»;

3) Семей қаласы, Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп оқушылары Медетова Ажар, Медетов Ермухамет– «Логикалық есептерді шығару әдістерінің компьютерлік моделі»;

4) Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Каматаева Аяужан– «Наноқұрылымды бентонит саздарымен ақаба суларды фенолдан тазалау»;

5) Облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушысы Саакян Богдан– «Определение подлинности товара по его штрих-коду».

Арасында Назарбаев Университетінің өкілдері бар көрмеге қатысушылар («Назарбаев Университеті»АҚ студенттік істер мен халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президенті К.Н. Даирова; «Назарбаев Университеті» АҚ академиялық мәселелер бойынша вице провост Лоретта О'Доннелл; офис регистратор директоры Картер Ребекка; Президенттің көмекшісі А.Г. Саниязова; қабылдау бойынша департаменттің аға менеджері Г.М. Коржумбаева; МРР бағдарламасына қабылдау бойынша аға менеджері А. Мусабаева; ExecutiveEducationбағдарламасына қабылдау бойынша менеджер К.Адекенова; мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебінің оқытушысы, ассистент – профессор О.Барыш; офис регистратордың менеджері М.Б.Ахмадиева; студенттік істер бойынша департаменттің аға менеджері Б.Н. Рахимов), оқушылар зерттеулерінің өзектілігін, олардың практикалық бағыттылығын, қолданбалы сипатын атап өтті. Барлық оқушыларға Назарбаев Университетіне оқуға түсуге конкурсқа қатысуға ұсыныс айтылды.

Оқушылардың жетістіктерін, олардың ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейін, интеллектуалды және ғылыми әлеуеттерін ескере отырып, делегация мүшелері келешекте Назарбаев Университеті арқылы Қазақстанның және шетелдің ірі ғалымдарымен ынтымақтастықты, ең заманауи жабдықтармен жарақталған лабораторияларда облыс оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін атап өтті. Бұл – біздің оқушылар үшін өз білімдерін арттыруға ғана емес, алған жаңа білімдерін облыстың, жалпы алғанда Республиканың түрлі салаларын дамытуға бағыттауға берілетін мүмкіндік.

Көрмеге қатысқан оқушылар туралы барлық ақпаратты, сонымен бірге олардың ғылыми жұмыстарының ағылшын тіліндегі аннотацияларын «Дарын» орталығы келешектегі ынтымақтастық үшін «Назарбаев Университетіне» жіберді.