+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлан ауданы әкімі А.Қ. Садыковтың Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесу қорытындысы
25 Қар, 03:20

2013 жылдың 21 қарашасы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жастармен тағы да бір кездесу өтті. Өскемен қаласындағы ұландық жоғарғы оқу орындарының және колледж студентермен кездесуге Ұлан ауданының әкімі Айдос Қабдуахитұлы Садыков келді.

Кездесуге 567 студент қатысты. Осы кездесуді ұйымдастыру және өткізу үшін аудан өкілдері оқу орындарына барып, алдын ала кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді, студенттермен кездесті.

Кездеусге танымал қонақтар, атақты спортшылар, жеке кәсіпорын, шаруа қожалық өкілдері, аудандағы түрлі мемлекеттік құрылымдардан: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.М. Темірбеков, ШҚО білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Б.К. Данияров, «Үміт» балалар үйінің директоры М.Б. Бейсеканова және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ұлан ауданының әкімі А.Қ. Садыков жерлес-студенттерге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, болашақта жүзеге асырылатын жаңа жобалар туралы, кадр тапшылығы, жас мамандарға берілетін жеңілдіктер жайлы айтып берді.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, Ұлан ауданынан облыстық маслихат депутаты Н.М. Темірбеков жастарды сапалы білім алып, туған ауылдарының көркейуіне, өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Кездесу кезінде студенттер аудан әкіміне өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты.

Кездесудің қорытындысы бойынша іс-тәжірибеден өту туралы 27 ниет хаттамасы толтырылса, 54 жұмыспен қамтамасыз етуге, оның ішінде білім беру ұйымдары – 41; ЖШС «Восток молоко» - 18; «Өскемен құс фабрикасы» АҚ – 2; медициналық ұйымдарға – 17; жергілікті басқару – 3 ниет хаттамалары толтырылды.

Кездесу соңында оқу озаттары мен белсенді студенттер Ұлан ауданы әкімінің мадақтамасымен марапатталды. Кеш соңы ұландық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.