2013 жылдың 20 қарашасы күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Глубокое ауданының әкімі Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаевтың студенттермен кездесуі өтті.
Кездесуге Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарында, колледждерінде оқитын 597 студент қатысты. Кездесуге Глубокое ауданының құрметті азаматтары: ШҚО әкімінің бас инспекторы Василий Иванович Ахаев, «Секисовское» және «Алтай кен байыту» ЖШС-нің бас директордың орынбасары Георгий Иванович Дудуканов, аудандық маслихаттың депутаты, «Уваровское» шаруа қожалығының басшысы Александр Иванович Бурдаков қатысты. Сонымен қатар, аудандағы әртүрлі мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.
Қатысушыларға арнап аудан әкімі Н.Ә. Шерубаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен келешегі туралы, іске асып жатқан инвестициялық жобалар жайлы, мамандар қажеттілігі және т.б. туралы айтып берді.
Г.И. Дудуканов қатысушы студенттерді «Секисовское» және «Алтай кен байыту» ЖШС-не іс-тәжірибеден өтуге және болашақта жұмысқа орналасуға шақырды.
Кездесу аясында аудан әкімі, әр түрлі сала өкілдері қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. 12 педагогикалық мамандық, 14 техникалық мамандық, 10 медицина колледжінің студенттерімен іс-тәжірибеден өту және жұмыспен қамтамасыз ету туралы ниет хаттамалары толтырылды. Оқу озаттары мен белсенді студенттер аудан әкімінің мадақтамаларымен марапатталды. Кездесуге қатысқан студенттер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты Оралбекова Назерке: «Болашақта осындай кездесулер жиі болып тұрса екен. Осы кездесудің аясында толғандырған сұрақтарыма жауап алып, Веселовка жалпы орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұруға келісім шартқа отырдым. Облыс әкіміне, ұйымдастырушыларға алғыс айтамын»,- деді.