2013 жылдың 18 қарашасы күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тарбағатай ауданының әкімі Д.Т: Оразбаевтың Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындарынды білім алып жатқан жерлес студенттермен кездесуі өтті.
Кездесуге Тарбағатай ауданының құрметті азаматтары шақырылды. Студенттерге арнап аудан әкімі сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өңірдегі атқарылып жатқан істер мен жаңа жобалар туралы, әлеуметтік, экономикалық дамуы жайлы, инвестициялық жобалар, кадр тапшылығы туралы мәлімет айтып өтті.
Кездесуге келген қонақтар жастарды туған жерлерінде еңбек жолын бастауға, іс-тәжірибе үйренуге, туып-өскен ауылдарының өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Сөз алған студенттер де өз қатарластарын диплом алғаннан кейін туған жерлерінен еңбек жолын бастауға шақырды.
Аудан әкімі студенттердің көкейлеріндегі қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жекелеген студенттермен тәжірибеден өту және жұмысқа орналастыру туралы алдын ала ниет хаттамасы жасалды. Озат оқу мен белсенділіктерімен көзге түсіп жүрген студенттер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Тарбағатай ауданы әкімінің осындай кездесуі Семей қаласындағы жерлес студенттермен 2013 жылдың 11 желтоқсанда өтеді.