+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурысының облыстық кезеңін өткізу туралы
18 Қар, 04:30

2013 жылдың 23 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылықтарын ояту жолымен ғылыми-зерттеу, интеллектуалдық шығармашылықәлеуеттерінжәне танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.

Облыстық кезеңге қалалық (аудандық) кезеңнің жеңімпаздарынан оқушылары шақырылды.Конкурс 16 бағыт бойынша: физика; техника; Жер және Ғарыш туралы ғылымдар; математика; қолданбалы математика; экономика; информатика; химия; биология; қоршаған ортаны және адам денсаулығын сақтау; тарих; құқықтану; өлкетану; әдебиет; этномәдинеттану және тіл білімі.

Конкурстың облыстық кезеңінде қазылар алқасының құрамына облыстағы алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ғалымдары кіреді.

Конкурстың басталуы және қатысушыларды тіркеу 2013 жылдың 23 қарашасында 08.30-да Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/1 ғимаратында («Нұрорда» Халықаралық мектебі) болады.

Қосымша ақпараттар үшін келесі телефондарға хабарласуға болады:                8/7232/70-02-44, 55-21-12 ( «Дарын» ШҚ ӨҒПО).