2013 жылы 14 қарашада республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Алатау» шипажайында «Жылдың үздік психологы» республикалық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: талантты психологтарды анықтап, қолдау, марапаттау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 73 психолог қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан 6 психолог қатысты. Олардың зерттеу материалдарының мазмұндылығын, тереңдігін және өзектілігі мен практикалық маңызын қазылар алқасы ерекше атап өтті.
Біздің 5 психологымыз жүлдегер атанды:
І орын – Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің педагог-психологы Васильева Галина Дмитриевна;
І орын – Семей қаласының №1 «Арман» ясли-бала-бақшасының педагог-психологы Бектембаева Айя Фазыловна;
ІІ место – Зырян ауданы Жаңа-Бұқтырма №2 орта мектептің педагог-психологыПотапова Наталья Анатольевна;
ІІІ место– Шемонаиха ауданы Островский атындағы орта мектептің педагог-психологы Соколова Татьяна Анатольевна;
ІІІ место – Семей қаласының №41 орта мектептің педагог-психологыТурымбекова Шугыла Абиловна.
Зырян ауданы №1 бастауыш мектептің педагог-психологы Гопиенко Ирина Андреевна сертификатпен марапатталды.
Конкурстың жүлдегерлеріне сыйлыққа планшет, фотоаппарат, радиотелефондар берілді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтап, шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер, сәттілік тілейді!